Ұлттық Арна алғашқы болып Ислам Сәтпаевтың жанұясын құттықтады
Олимпиада жеңімпазы - Ислам Сәтпаевтың жанұясын Ұлттық арна ұжымы алғашқы болып құттықтады. Қуанышы қойнына сыймаған ана, ұлының жеңісін күткен. Жүрегім алдамады дейді. Отбасы бүгін таңнан ерте оятып, теледидар алдында ойынның басталуын тағатсыздана күткен. Исламның дайындығы тыңғылықты болды, Парижге кетерінде «Мені жеңіспен күт» деп өзіне сенімді аттанды, дейді анасы. Табанды, қайсар Ислам 7-сыныптан бастап спортқа ден қойған.
Әлия Сәтпаева, Ислам Сәтпаевтың анасы:
Тікелей эфирде ұлымды көрген кезде жүрегім кеудеме сыймай кетті. Ішімнен «Ислам, алға» деп қайталай бердім. Ол мені теледидардың арғы жағында естімейді, бірақ менің жүрегімді сезеді. Мен оның анасымын ғой. Ұлыма разымын.
Ғалия Сәтпаева, Ислам Сәтпаевтың әжесі:
Қуаныштымыз, үшінші орын алды енді. Қола медаль алды. Жүрегім жарылып кетейін деп оытр ғой. Осы немерем дұрыс жолмен жүрді ғой. Бәріне рахмет!
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01