Грекиядағы өртті өшіру қиындап барады
Грекия астанасы Афины маңында орман өрті дес бермей жатыр. Жалынның тез тарауына аптап ыстық себеп. Айналаны қою қара түтін басқан. Үйлер, ағаштар, көліктер өртенді. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Тілсіз жаумен күреске 400 маман, тікұшақтар мен ұшақтар тартылды. Грекияда мамырдан бері жүздеген орман өрті тұтанды. Бұған климаттың өзгеруі, ыстық, әрі құрғақ ауа-райының жиі болуы себеп.
Еуропаның Испания, Италия, Франция сынды елдерінде де сынап бағанасы бүгін аптап ыстықты көрсетіп тұр. Испанияда ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген. Тұрғындарға сақ болу туралы ескерту жасалды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02