Самат Ерғалиев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Қызметтін асыра пайдаланды деп айыпталған Астана қалалық спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы Самат Ерғалиев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған 2019 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында Сурдлимпиаданың спорт түрлерінен аға жаттықтырушыны заңсыз тағайындады деген айып тағылды. Аға жаттықтырушының жалақысын, іссапар шығындарын және жалпы сомасы 113 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз алуға ықпал етті деп айыпталды. Сондай-ақ сот Самат Ерғалиевті өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02