Референдум: Халықтың 17,79% дауыс берді
Еліміз бойынша 107 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты. Бұл учаскелерде дауыс берушілер саны аз. Дәл осындай тағы 434 учаскенің жұмысы жалғасуда.
Сонымен, электораттың қанша пайызы таңдау жасады. Толығырақ Орталық референдум комиссиясынын тікелей байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Данияр айтып беруге дайын.
Асылбек Данияр, тілші:
Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман дауыс берушілердің келуі туралы алдын ала деректертерді жариялаған болатын. Сағат 10-дағы жағдай бойынша 12 миллионнан астам азаматтың 2 миллионы дауыс берді. Бұл электораттың 17,79 проценті. Аймақтар бойынша Қарағанды облысының халқы өте белсенді екенін көріп отырмыз. Дауыс беруге құқылы адамдардың 30,63 пайызы таңдау жасаған. Мегаполистер арасында астаналықтар белсенді. Азаматтардың 24,08 пайызы дауыс берген. Келушілер саны бойынша ең аз көрсеткіш Алматы қаласында, ондағы 8,66 пайыз адам ғана дауыс беруге келіпті.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02