Сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс - Президент
Судьялар дәл осылай төрт жылда бір рет бас қосады. Бұл - тоғызыншы съезд. Мақсат- сот жүйесіндегі маңызды мәселелерді талқылап, негізгі міндеттерді айқындап алу. Судьялардың сьезіне қатысқан Мемлекет басшысы әуелі заң мен тәртіп үстемдігінің маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Әділ сот мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс. Заң мен Тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды.
Десе де, сот үкіміне күмән келтіріп, шағымданатындар аз емес. Аппеляциялық соттан әділдік таппағандар бұған дейін Жоғарғы сотқа жүгінетін. Енді бұл міндет келесі жылдың шілдесінен бастап кассациялық сотқа артылмақ. Қазір оған мамандар іріктеліп, жаңа сот құрамы жасақталып жатыр.
Иә, тәуелсіз және парасатты судья – мемлекетті мызғымас ететін тағанның бірі. Айя Мүтәлі жалғастырады.
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08