ТМД байқаушылары референдумды қорытындылады
Атом электр станциясын салу туралы өткен республикалық референдум жоғары деңгейде, ашық түрде өтті. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясын бастап келген Леонид Анфимов айтты. Қазақстанда өткен қоғамдық науқан кезінде ұйымның 74 мүшесі дауыс беру процесін бақылаған. Олар еліміздің үш мегаполисі мен 6 облысындағы 618 референдум учаскесіне барған. ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалғанын атап өтті.
Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының жетекшісі, ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары:
Біз ұлттық байқаушылармен сөйлескен кезде, олар дауыс беру кезінде азаматтар тарапынан, комиссия мүшелері мен өзге де байқаушылардан ешқандай шағым болмағанын айтты. Менің әріптестерім де осындай пікірде. Қорыта айтқанда, референдум Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына сай өтті. 24 азамат қоғамдық науқан кезінде қоғамдық сауалнама жүргізу тәртібін сақтамағаны үшін, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04