Биыл шілде айынан бастап орманшылардың жалақысы 100%-ға өсті
Биыл 1 шілдеден бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өсті. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Салада 15 мыңға жуық адам қызмет етеді. Орташа айлық - 250 мың теңге. Жалпы, ел аумағының тек 5 процентін ғана орман алып жатыр. Қазір Президент тапсырмасымен 2 миллиард түп ағаш отырғызу бойынша жұмыстар басталған.
Сондай-ақ, ормандарды оңалтып, қорғау үшін биыл техника сатып алуға бюджеттен 52 миллиард теңге бөлінді, деді министр.
Айта кетейік, елімізде жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
2-3 апта бұрын орманның бәрін қарап шықтық, жаяу араладық. Көптеген жұмыс бар. Оның бірі орман арасына ағаш отырғызу. Себебі - бізге ну орман керек. 2 мыңдай жаңа техника аламыз. Оның мыңға жуығы өрт сөндіру машинасы, қалғаны соқа, су таситын техника.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02
«Наурыз» бағдарламасы: өңірлерге жеке лимит бөлінуі мүмкін
03.11.2026, 10:01