Астанада «Біз – Қазақстан Республикасының азаматымыз» конференциясы өтті
Астанада «Біз – Қазақстан Республикасының азаматымыз» конференциясы өтті. Онда азаматтық қоғамды дамытуға арналған үкіметтік емес ұйымдар қызметінің 30-дан астам табысты кейсі ұсынылды. Олар 7 бағыт бойынша бөлінген: азаматтық бастамалар, әлеуметтік, экологиялық, спорттық, кәсіпкерлік қызметті дамыту, ерекше жандарды қолдау және әйелдер бастамасы мен гендерлік теңдік.
Шараның өтуіне Қазақстан Азаматтық альянсы мұрындық болған. 20 өңірден мемлекеттік құрылым мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және белсенділері онлайн қатысты. Олар азаматтық қоғамның жетістіктері мен сын-тегеуріндерді талқылады.
Аяужан Әшімова, ШҚО Азаматтық альянсының жетекшісі:
Онлайн площадкада бас қосып, не тындырып жатырмыз, қандай жұмыстарды жоспарлауымыз керек деп өз жұмысымызға талдау жасап, болашақты бағдарлап, бір ой елегінен өткізу үшін осы шара өткізіліп отыр. Өңірлердегі бетке ұстар, өз жұмысының нәтижесін көрсетіп жүрген азаматтар өзінің тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасып, ойларын ортаға салады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05