Жасанды интеллект мемқызмет жүйесін жақсарта алады
Жасанды интеллектті мемлекеттік қызмет жүйесін жақсарту үшін пайдалануға болады. Бұл технологияның тиімді қолданысы туралы шетелдік сарапшы айтты. Басқа да тәжірибелер Астанада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда талқыланды. Жиын Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдық мерейтойына арналған. Конференция қонақтары мемлекеттік басқарудағы заманауи үрдістер мен кадрлық процестерді цифрландыруды талқылап, жасанды интеллектті пайдалану туралы да сөз қозғады.
Али бин Себаа әл Марри, Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті (БАӘ):
Біріккен Араб Әмірліктері әу бастан жасанды интеллектке үлкен көңіл бөлген. 2017 жылы біз Жасанды интеллект министрлігінің құрылғанын жариялаған алғашқы үкімет болдық. Әрбір мемлекеттік құрылымға жасанды интеллект бойынша бас директор тағайындалатынын хабарлағанбыз. Олар бұл технологияны институт қызметтерін жақсартып, жұмысшылардың өнімділігін арттыру мақсатында қалай пайдалануға болатынын зерттейді.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05