Астанада бала құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Бүгін елордада бала мүддесін қорғаудағы кедергілерді жою жолдары талқыланды. Оған Сенат төрағасы, ЮНИСЕФ өкілі, бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен оқу-ағарту министрі және басқа да сарапшылар қатысты. Жиын Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына арналды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Елімізде балаларды қорғауға конституциямен кепілдік берілген. Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне үнемі аса мән беріп келе жатқанын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан бұл сала еліміз үшін әрдайым басты назарда. Алдағы уақытта біз ЮНИСЕФ-пен жан-жақты өзара іс-қимылымызды одан әрі арттыра түсуге дайынбыз.
Рашед Мұстафа Сарвар, Қазақстандағы UNICEF өкілі:
Балаларды онлайн және офлайн төнетін қауіптен қорғау туралы тоқталып өтеміз. Сондай-ақ, балалардың үйде, мектепте және жалпы киберкеңістікте қорғаудың құқықтық негіздерін одан әрі нығайтудың шешімдерін табамыз.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05