Жойқын циклонның кесірінен Францияда 100 мыңдай адам жоғалып кетті
Франция өзінің Шығыс Африка жағалауындағы Майотта архипелагына күніне 4-5 ұшақпен көмек жеткізіп жатыр. Бұл аралдарда соңғы 90 жылдағы алапат циклоннан он мыңдаған адам мерт болған. Мұны жергілікті дәрігерлердің мәліметіне сүйеніп "Рейтер" агенттігі хабарлады.
Бірақ Қызыл Крест ұйымы 100 мыңдай тұрғынның жоғалып кеткенін айтты. Солардың қатарында 200-дей ерікті бар. 321 мың адам тұратын Майоттаға сұрапыл дауыл желтоқсанның 14-інде сағатына 200 км жылдамдықпен соққы берді. Жермен-жексен болған аралдарды енді аштық жайлап, түрлі аурулар тарайды деген қауіп бар.
Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02