Елде тәлімгерлікті дамыту туралы заң қабылданды
Енді еліміздегі заңнамаға «Тәлімгерлік жөніндегі ұйым» ұғымы енгізілетін болды. Бүгін Парламент Сенатында «Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша» заң мақұлданды. Оның аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын реттеу үшін аталған ұйым қолданылады. Бірақ үміткерлер міндетті түрде тәлімгерлік бойынша оқудан өтеді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат Төрағасы:
Қаралған заң тәлімгерлік институтының рөлін күшейтуді, сондай-ақ білім және мәдениет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейді. Заң арқылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болуға ниетті адамдарды оқытатын арнайы ұйымдардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері бекітілді.
Бұдан бөлек заңға енгізілген өзгертулердің ішінде ұлттық сөздік қоры мен қазақ тілінің ұлттық корпусын құру туралы ережелер бар. Сондай-ақ халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары болған оқушыларға мемлекеттік білім беру гранттарын конкурстан тыс беру жөніндегі шешім қабылданды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08