Францияның батысындағы жаңбыр тасқынға ұласты
Францияның батысында алапат тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Бретань аймағына топан су жайылуына «Эрминия» дауылымен жеткен жауын-шашын себеп болды. Апаттан әсіресе Ренн қаласы көп зардап шеккен. Мұнда көшелер өзенге айналғандықтан, құтқарушылар зардап шеккен тұрғындарға көмектесу үшін қайыққа мінді. Кейбір адамдарды эвакуациялауға тура келген. Абырой болғанда құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Франция Ұлттық метеорология агенттігінің хабарлауынша, тасқын тіпті күшеюі мүмкін. Сондықтан бірқатар аудандарда қызыл түсті дабыл жарияланған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02