Легионерлерге қаржы бөлінбейтін болды
Енді елімізде спорт саласында легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді. Бүгін Мәжілісте заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Жаңа заңға легионерлерге мемлекеттен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма енгізілді. Ал бюджет қаражаты жоғары жетістіктер спорты мен басым спорт түрлеріне, мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеуіне, бұқаралық спортқа және спорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ. Министрлік бұрын бекітіп жіберген, атының өзін ағайын білмейтін спорт түрлерін қазына қаржысынан қағу үшін нақты шешім қабылданды.
Нартай Сәрсенғалиев, Мәжіліс депутаты:
Жоғары жетістіктер спортына, яғни олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада, Азия, пара Азия және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұрын министрлік 180-нен астам спорт түрін тіркеп қойып, оның барлығына қаржы беріп келген болса енді олардың саны 3 есе қысқарады. Жоғары жетістіктер спортының ішінде жоғары жетістік көрсеткендері үшін басым спорт түрлері деген түсінік енгізіліп, оның басымдықтары да айқын көрсетілді.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08