Испанияда такси жүргізушілері шеруге шықты
Испанияда такси жүргізушілері шеруге шығып, жолдарды бөгеді. Олардың қарсылық акциясын ұйымдастыруына сақтандыру құнының күрт өсуі себепші. Айтуларынша, мұндай полистің бағасы кейінгі үш жылда 300 пайызға қымбаттап, табыс табу қиындап кеткен. Демонстрация салдарынан өзге жүргізушілер басқа жолдарды таңдауға мәжбүр болды. Сонымен қатар, наразылық барысында демонстранттар Uber онлайн такси-қызметін апаттардың көбеюіне кінәлі деп айыптап, тәжірибелі жүргізушілердің сақтандыруға олармен бірдей шығындалуын әділетсіздік деп атады. Ал Барселонада шерулеткен автомобильдер легі әуежайдан қала орталығына дейін созылған.
Хоакин Алонсо, такси жүргізушісі:
Мен мұнда сақтандыру полисіне қатысты заңсыздыққа қарсылық білдіру үшін келдім. Полистің құны аяқ астынан 200-300 пайызға көтерілген. Шынымды айтсам, мен үшін ол 30 пайызға қымбаттады. Бірақ әріптестерім 6-7 мың еуро төлей бастағанын айтып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02