«Amanat» партиясы Президент тапсырмаларын талқылады
«Amanat» – Президенттің жаңа жаңғырту бастамаларын іске асырудың негізгі қозғаушы күші. Партия төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының жиынында осылай деді. Жиында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты берген тапсырмаларын іске асыру және заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мәжілісмендер азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында алға қойылған барлық мақсат-міндеттің маңызын атап өтті.
Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:
Президент қала құрылысынан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерістерді цифрлық форматқа толық көшіру және бірыңғай ақпарат беру жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу тапсырмасын берді. Қазіргі таңда осы бағытта 5 ақпараттық жүйе жұмыс жасауда. Құрылыс кодексін қарау барысында бірыңғай ақпараттық жүйе құру мәселесі өкілетті мемлекеттік органмен бірлесе қарастырылып, тиісті заңнамалық шешімдер қабылданатын болады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05