Алматыда Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған турнир басталды
Алматыда Қазақстанның халық әртісі, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына арналған бокс турнирі басталды.
Жасөспірімдер арасындағы ашық бәсекеге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің спортшылары келген. Сайыс апта соңына дейін жалғасады. Жалпы саны 200-ге жуық қатысушы 13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Бұл былғары қолғап додасы биыл екінші мәрте өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта жарыстың ауқымын кеңейтіп, дәстүрлі шара ретінде қалыптастырмақ ниетте.
Ерғали Әбдірайымов, ұйымдастырушы:
Бірінші адамға «неге бокстан жарыс өткізіледі» деген ой келеді. Бұл жерде біздің мақсатымыз - өсіп келе жатқан жастарды спортқа баулу. Екіншіден қазақтың халық әртісі, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевті өсіп келе жатқан жастар ұмытпаса, солардың естерінде болса деген мақсатымыз бар.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02