Бүгін бүкіләлемдік экскурсия жетекшілері күні
Бүгін бүкіләлемдік экскурсия жетекшілері күні. Айтулы датаға орай Астанада Елордалық гидтер мен экскурсия жетекшілерінің І форумы басталды. Сала майталмандары кәсіби экскурсиялық қызметтің өзекті тақырыптарын қозғап, шеберлік сыныптарын өткізіп, жас мамандардың кәсібилігін арттырмақ. Сөз өнері мен қаржылық сауаттылық тақырыптарына тоқталмақ. Форумға 100-ге жуық астаналық және өңірлік экскурсиялық қызмет саласының өкілдері қатысып жатыр. Шара ертең де жалғаспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта Азияға келетін туристердің саны артады.
Ботагөз Қайыпова, ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары:
Сарапшылардың айтуы бойынша, болашақта Азия бағыты туристік потенциалы барысынан 57 пайыз өсім көрсетеді деген сараптамалық негіздер бар. Сонымен қатар бұл саладағы болашақта 10-15 жылдың ішінде де туристік потенциал күрт өзгеріп, өседі деген көрсеткішті атап өтуге болады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02