Түркістанда «Senat Open-2025» ашық кубогінің іріктеу кезеңі басталды
Түркістанда Парламент Сенатының «Senat Open-2025» ашық кубогінің іріктеу кезеңі басталды. Шахматты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнирге облыстың 17 аудан-қаласынан жүзден аса спортшы қатысуда. Олардың арасында ардагерлер мен мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңестердің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Жалпы көшбасшылардың зияткерлік сайысы 9 турдан, швейцариялық жүйе бойынша 10+5 уақыт бақылауымен өтеді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша анықталған 25 үздік ойыншы жартылай финалда Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.
Жолдасбек Амандықұлы, Келес аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі:
Шахмат турнирінің халыққа да пайдасы көп, қызметкерлерге де, жастарға да пайдалы деп ойлаймын. Себебі шахмат ойнаған кезде жүрісті қате жүріп қойсаң, қайта алуға болады. Ал өмірде қайтып алуға болмайды. Сондықтан өмірде жаңылыспайтындай дәрежеге жеткізетін шахмат деп өзім ойлаймын.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02