ҰБТ сұрақтарын жасанды интеллект дайындайды
Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын әзірлеу үшін жасанды интеллект қолданылады. Ал тест тапсыру ережелері мен грантқа түсу мүмкіндіктерін білу үшін «AI Talapker» чат-боты жұмыс істейді. Бұл туралы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов мәлімдеді. Министрлік қазір жаңа технологиямен жұмыс істейтін арнайы кадр әзірлеп жатыр. Бүгінде 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламасы енгізілген. Онда 2 196 магистрант пен докторант оқып жатыр.
Нұрсұлтан Махатов, ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры:
Былтыр «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің стандарты енгізілді. Соның негізінде білім беру процесінде жасанды интеллектіні пайдаланудың жалпы принциптері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жасанды интеллектіні қолдану бағыттары айқындалды. Сондай-ақ министрлік жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына жасанды интеллектіні қолдану бойынша құзыретті игеруге бағытталған пәндерді барлық білім беру бағдарламасына енгізуді көздейтін өзгерістер енгізді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08