Үкімет табысын төмендетіп көрсеткен ірі бизнеске салық төлеу үшін 2 апта уақыт берді
Премьер-министр Олжас Бектенов миллиардтаған кірісін жасырып, жеңілдетілген шартпен салық төлеп жүрген кәсіпкерлерге осылайша ескерту жасады. Салық органдары оларға жуырда арнайы хабарлама жіберуі тиіс. Үкімет басшысы тиісті талап орындамалса, бұл кәсіпкерлер мемлекет меншігіндегі ресурстарды қолдану құқығынан айырылатынын еске салды. Қаржы министрінің дерегінше, елімізде 2,3 млн кәсіпкер тіркелген. Қосылған құн салығын соның 8 пайызы, яғни 137 мыңы ғана төлейді. Ал 85 пайызы табысын 15 млн теңгеден аспайды деп көрсеткен.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Қаржы министрінің ақпаратынан салық жүктемесін оңтайландырудың әртүрлі схемаларын қолдана отырып, міндетін адал атқармайтын кәсіпкерлердің барын көріп отырмыз. Миллиардтаған айналыммен олар бюджетке өздерінің тапқан пайдасына мүлдем сәйкес келмейтін сомаларды төлейді. Бізде осындай ірі компаниялардың толық тізімі бар. Ол тізімде BI Group, BAZIS және басқа да көптеген ірі құрылыс компаниялары жүр. Экономиканың басқа салаларында жұмыс істейтін белгілі әрі танымал мейрамханалар, фитнес-клубтар және әртүрлі компаниялар бар.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08