Мәжіліс төрағасы депутат әйелдерді мерекемен құттықтады
Мәжіліс төрағасы нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтады. Төменгі палата құрамында бүгінде 18 депутат әйел жұмыс істейді. Ерлан Қошанов олардың ел игілігі үшін атқарған ерен еңбегі мен заң шығару ісіне қосқан үлесін атап өтті. 2 жыл бұрын жасақталған Мәжіліс құрамының жұмысына тоқталды. Азаматтардың талап-тілегі мен мұң-мұқтажын абыроймен атқарып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ Президент Жарлығымен арнайы марапатқа ие болған әріптестерін құттықтады. Депутат Ажар Сағындықоваға «Құрмет» орденін табыстады.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер қауымының бірқатар өкілін мемлекеттік наградалармен марапаттау жөнінде арнайы Жарлыққа қол қойды. Олардың қатарында біздің де әріптестеріміз бар. Жаңа ғана Айгүл Құспан Мемлекет басшысының қолынан «Парасат» орденін алды. Тағы бір мәртебелі марапатты Президентіміз маған табыстауды тапсырды. Бұл наградалар – Мемлекет басшысының Мәжілістегі арулардың бәріне берген жоғары бағасы деп білемін.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05