Шымкентте көктемгі егіс науқаны басталды
Шымкентте көктемгі егіс науқаны басталды. Былтыр бидай бітік болып, мол астық жиналғанымен бағасы арзан болғандықтан өнімін сата алмаған шаруалар биыл дәнді дақыл алқабының көлемін азайтты. Өткен жылғыдан 3 мың гектарға аз. Есесіне майлы дақыл себілетін алқаптар мен жылыжай көлемі жылдан жылға көбейіп келеді. Шаруаларды қолдау үшін биыл мемлекеттен 863 миллион теңге субсидия бөлінеді. Бұл қаржы жанармай мен минералды тыңайтқыштарды және тұқымды арзан бағада сатып алуға, жылыжайдың коммнуалдық шығындарын өтеуге жұмсалады. Мегаполисте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің азаюына байланысты агротауарларды қайта өңдеу ісіне басымдық беріліп отыр.
Қамысбай Тойшыбеков, шаруа:
Былтырғыға қарағанда биыл дұрыстау баға болатын шығар деп ойлап жатырмыз енді. Былтыр мысалы 56-60 теңгеден болды. Расход болды, жаба алмадық. Биыл үкімет ертерек селитра беріп жатыр. Солярка жағынан да береміз деп жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05