Шымкентте жылу орталығы ₸486 млн төлемақыны негізсіз жинаған
Шымкентте жылу орталығы абоненттерден 486 миллион теңге төлемақыны негізсіз жинаған. Мекеме шығындарын жабу үшін жергілікті қазынадан субсидия қаржы алғанына қарамастан тарифті төмендетпей, артық пайда тапқан. Сондықтан жылу орталығына заңсыз табысты өтем тарифімен қайтару ұсынылды. Бұдан былай төмендетілген жаңа тарифтің енгізілуін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бақыламақ. Соның нәтижесінде мегаполисте жылу тарифі алдағы маусымда төмендейді. Шаһарда екі мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй мен мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіп келеді.
Жандос Бекасанов, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басқарма басшысы:
Уәкілетті орган да, монополист те уақытша өтемдік тарифті енгізу бойынша тиісті шараларды қабылдамаған. Біздің араласуымыздан кейін Табиғи монополияларды реттеу Комитеті департаментімен «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне 280 млн теңге көлемінде айыппұл салды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05