Шымкенттің 29 көшесін көгалдандыра бастады
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 29 көшеде көгалдандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Оның аясында аумағы 400 мың шаршы метр жерге бір жылдық түрлі гүлдер егілуде. Көше бойы мен қиылыстардағы гүлзарларды бойлай автоматты суару жүйелері орнатылып, жол жиегіндегі ағаштар бұталды. Бұл жұмыстарға күнделікті коммуналдық саланың 60-65 жұмысшысы мен 20-дан астам техникасы жұмылдырылған. Оларға сондай-ақ еріктілер, жастар мен қоғам белсенділері де қолғабыс жасауда. Алдын ала түзілген жоспарға сай «Таза Қазақстан» акциясы жыл соңына дейін үздіксіз жалғасады.
Исатөре Абдулла, қалалық жайлы ортаны қалыптастыру басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы:
Сол іс-шара жоспарында ауқымды «Оргклиман дей», «Таза қала», «Таза аула» деген сияқты үлкен шаралар қамтылған. Сенбілітер санатқа бөлінген. Өзен жағасын тазарту, қатты қалдықтарды алып тастау, ағаштарды әктеу, шөптерді ору және тағы басқа санитарлық тазалық жұмыстары атқарылып жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05