Жедел жәрдемнің келе жатқанын қосымша арқылы көруге болады
Бүгіннен бастап астаналықтар жедел жәрдем көлігінің бағытын қолындағы телефон арқылы бақылай алады. Бірақ бұл қызмет түрі барлығына қолжетімді емес. Тек 1-санаттағылар, яғни шұғыл жедел жәрдем көмегін шақыртушылар ғана қолдана алады. Арнайы жүйе арқылы өтінім берген азаматқа SMS хабарлама келеді. Сол сілтеме арқылы жедел жәрдем көлігінің бағытын көре алады.
Айта кетейік, әзірге бұл пилоттық жоба. Тек астаналықтарға ғана қолжетімді. Жүйе тиімділігін дәлелдесе, еліміздің барлық елді мекенінде қолдану жоспарлануда.
Айдар Қасенов, ДСМ Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының орынбасары міндетін атқарушы:
Бұл жүйенің мақсаты – халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және жедел жәрдем қызметінің жұмысын жеңілдету. Қазір Астана қаласындағы операторлар шамамен тәулігіне 6 мың қоңырау қабылдайды. Соның 40 пайызы жедел жәрдемнің келу уақытын нақтылауға қатысты. Жаңа жүйе арқылы осы сұрақтардың саны едәуір азаяды.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08