Макулатура өткізіп, игі іске ат салыс!
Үйдегі керек болмай қалған қағаздарды өткізіп, оқушыларға қуаныш сыйлаңыз. Бүгіннен бастап Астанадағы «Amanat» партиясының Есіл аудандық филиалы макулатура жинауды бастады. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілуде. Оған кез келген қала тұрғыны қатысы алады. Түскен қаржы «Мектепке жол» акциясы бойынша қайырымдылыққа жұмсалады. Яғни, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу-құралдары сатып алынады. Сондай-ақ қолданылған, қажетсіз қағаздарды қабылдау бекеттеріне апармай-ақ, «Эко қолдау» мобильді қосымшасы арқылы мамандарды үйге шақырып тапсыруға да болады.
Санира Жүсіпова, «Amanat» партиясы Есіл ауданы филиалының төрағасы:
Макулатураны тамыз айына дейін жинаймыз. Бұған барлық партия бастауыш ұйымдары қатысып жатыр. Ең алдымен Ikomek 109, №63, №103 мектептер келіп, үлес қосып жатыр. Барлық соманы шығарамыз, сол ақшаға біздің қоғамдық қабылдауға келген көпбалалы отбасыларға көмек жасалады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15