«Таза Қазақстан» акциясына 1,4 миллионнан астам адам қатысты
«Таза Қазақстан» акциясына бүгінге дейін 1,4 миллионнан астам адам қатысты. Олардың басым бөлігін студент жастар құрады. Жоғары оқу орындары экологиялық сана қалыптастыруда және жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқаруда. Студенттер экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралардың басы-қасында жүрді. Ұстаздардың айтуынша, қазіргі жастар сенбілікке өз еркімен шығып, айналаны таза ұстауды жақсы дәстүрге айналдырған. «Біздің міндетіміз – тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жастарға дұрыс тәрбие мен мәдениеттілікке баулу», – дейді аға буын.
Гүлжамал Жапарова, «Тұран – Астана» университетінің ректоры:
Біздің мақсатымыз – экологиялық тәрбиені қалыптастыру, табиғатты қорғау. Туған жерімізге, табиғатқа сүйспеншілікті тәрбиелеу. Бұл акция бір күндік емес, жыл бойы өткізіліп келе жатыр.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05