Биыл 15 мың адамға рақымшылық жасалады
Биыл 15 мың адамға рақымшылық жасалады. Оның ішінде 4100 адам түзеу мекемесінен, яғни түрмеден бостандыққа шығады. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады. Жалпы, бұған дейін елімізде сотталғандарға 9 рет рақымшылық жасалған. Оған қоғамға қауіпті емес, аса ауыр емес қылмыс жасағандар ілінеді. Оның ішіне кәмелетке толмаған баласы бар аналар мен жүкті әйелдер де кіреді. Бірақ сыбайлас жемқорлықпен сотталғандарға рақымшылық жасалмайды.
Қарақат Әбден, Мәжіліс депутаты:
Біздің өзіміздің санауымыз бойынша бүгінде 2 мыңға жуық әйел босатылатын болды. Оған қоса пробацияда жүрген әйелдердің жазасы жеңілдейді. Нақты категориялары бар. Біріншіден, жүкті әйелдер, жастары ұлғайған әйелдер, мүгедектігі бар әйелдер. Ең бастысы - үйінде кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08