ҰСБ: Цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгіземіз
Ұлттық статистика бюросы мәтіметтерді жинауды толықтай цифрлық жүйеге көшіруді көздеп отыр. Бүгінде 19 ақпараттық жүйе, 36 әкімшілік дереккөзбен жұмыс істеудің нәтижесінде респонденттердің есеп тапсыру жүктемесі 24%-ға қысқарған. Бұрын есептер көбіне қағаз жүзінде тапсырылса, қазір олардың 94%-ы электронды түрде жиналады. Бұл мәліметтерді тез өңдеуге көмектеседі дейді сала мамандары.
Мақсат Тұрлыбаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы:
Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша Статистика бюросы цифрлық ведомствоға айналуы тиіс. Мысалы, біз 4 балама көз бойынша жұмыс бастадық. Бұл ретте біз балама көздерді статистикада пайдаланып жатқан әлемде алғашқы елдердің қатарындамыз. Айта кетсек, мобильді деректер арқасында біз ішкі миграция, туризм бойынша статистиканы шығара аламыз. Космомониторинг деректер арқасында ғарыштан түсірілген жазбалар бізге егістік алқабы мен астық өнімділігі бойынша статистиканы алуға көмектеседі.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15