Йоахим Лев Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін
Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері Йоахим Лев футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтыруы мүмкін. Championat.Asia басылымы Өзбекстан футбол қауымдастығы неміс маманымен келіссөздер жүргізіп жатыр деп жазған. Егер Лев ұсынысты қабылдаса, қазіргі бас бапкер Тимур Кападзе оның жаттықтырушылар штабына енуі мүмкін.
Айта кету керек, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, енді көршілеріміз 2026 жылғы Әлем біріншілігінде өнер көрсетпек. Йоахим Лев - 2006 жылдан бастап 2021 жылға дейін Германия құрамасын жаттықтырған. Оның басшылығымен неміс құрамасы 2014 жылы Әлем чемпионы, ал 2017 жылы Конфедерациялар кубогының жеңімпазы атанды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05