«Қайрат» чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Словенияның «Олимпиясын» ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті және жерлестеріміз 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың алғашқы минуттардан-ақ «Қайрат» қарқынды ойнап, 5-минутта Жоржиньо есеп ашты, ал 31-минутта сол Жоржиньоның пасынан кейін Александр Мрынский тағы бір гол соғып, командасының басымдығын күшейтті. Бұған дейін Люблянада өткен алғашқы кездесуде қос команда 1:1 есебімен тең ойнаған еді. Енді алматылықтар келесі айналымда Финляндияның КуПС немесе Молдованың «Милсами» командаларының біреуімен кездеседі.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05