Енді қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталады
Енді қыз алып қашқандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 5-тен 10 жылға дейін қамалады немесе 20 млн теңге айыппұл төлейді.
Президент бүгін тиісті заңға қол қойды. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қылмыстық Кодекске өзгеріс енгізіп, қыз алып қашқандарды соттауды ұсынған еді. Өйткені бүгінге дейін қызды мәжбүрлеп ұстап, үйленгісі келетіндер қызды жіберсе, жауапкершіліктен босатылатын. Яғни, жаза болмаған.
Мәселен, соңғы 3 жылда 200-ден астам қыз алып қашу мен мәжбүрлеп некелесу дерегі тіркелген. Бірақ соның ішінен 10 іс қана сотқа дейін жеткен. Енді ұрланған қыз кешірім берсе де, жаза қатаң болмақ.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05