ҚМДБ: Шариғат бет-жүзді бүркемелеуді міндеттемейді
Елімізде бетті тұмшалайтын киімдерге ресми түрде тыйым салынған. 12 шілдеде Президент заңға қол қойды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғатта әйелдер бет-жүзін жабуға немесе бүркемелеуге міндеттелмегенін айтады. Бұл халқымыздың дәстүрінде де көрініс таппаған. Ислам діні қоғаммен жарасымды өмір сүруді, тәртіпке бағынып, мемлекеттің тыныштығына үлес қосуды насихаттайды, - дейді дін өкілдері.
Елбек Тасболатұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы:
Қоғамның қауіпсіздігі үшін қажетті дүние деп есептейміз. Әртүрлі жаман пиғылды адамдар осы бетті тұмшалап, өзінің жаман пиғылын амалға асырып кетуі мүмкін. Бізде Ханафи мәзхабында бетті тұмшалау діннің талабы емес. Нұр сүресіндегі аяттарға пайғамбарымыздың хадисіне сүйене келіп, әйел адамның беті мен алақаны, аяғы әуретке жатпайды.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02