Павлодарда бүйрегін сатпақ болған шетел азаматы ұсталды
Павлодарда бүйрегін сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды. Ол ғаламтор арқылы сатып алушыны алдын-ала іздеп тапқан. Бұл ақпарат Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне жетісімен жедел операция дайындалды. Күдікті келісілген қомақты қаржының бір бөлігін алып жатқан сәтте ұсталды.
Болат Нұрсейтов, облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Шетелдік әйел Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарын талқылап, сатуға келісім берді. Іле ақшаны алды. Күдікті қазір қамауда отыр. Адам ағзасын заңсыз саудаға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09