Еліміз бойынша 2119 күдіктіге электронды білезік тағылған
Биылы алты айда 2119 күдіктіге электронды білезік тағылып, бақылауға алынған.
Яғни, тергеу амалдары жүріп жатқан кезде күдіктілер бұрынғыдай қамауда болмайды. Құзырлы органдар оларды үйқамақта да бақылауда ұстайды. Былтырдан бастап қолданысқа енген жоба Қызылорда облысында сәтті жүзеге асуда. Жыл басынан бері өңірде 253 күдіктіге электронды белезік тағылған.
Ғалым Шыңғысов, мамандандырылған тергеу сотының төрағасы:
Электронды мониторинг жүйесін қолдану мемлекет үшін шығыны аз, сонымен бірге қамауға алуға қарағанда, әлдеқайда тиімді әрі адамгершілікке сай болып табылады. Бұл ретте күдіктілер күнделікті өмір салтын, әлеуметтік байланыстарын және жұмыс орнын сақтай алады.
Осыдан төрт жыл бұрын электрондық бақылау құралдарын қолдану көрсеткіші 3%-дан аспайтын еді, былтыр үй қамаққа алынған күдіктілердің 60%-на білезік тағылған.
Мейірбек Даубалаев, облыстық адвокаттар алқасының төрағасы:
Қазіргі таңда соттардың үйқамағын көптеп қолданып, электронды құралдарды қолдаудың арқасында тергеудің де заңсыз тәсілдеріне тосқауыл қойылып отыр деп есептейміз.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02