Ертең елімізде мал санағы басталады
Ертең елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 21 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорны және 279 мың фермерлік қожалықтар мен жеке кәсіпкерлердің төрт-түлігі түгенделеді. Бұл еліміздегі аграрлық саланың жай-күйін анықтап, мемлекеттен берілетін қаржылық көмекті дұрыс ұйымдастыру үшін қажет шара. Санақ екі кезеңге бөлінеді: 31 тамызға дейін онлайн тіркеу болса, қыркүйектен бастап 3500-ге жуық интервьюр үй-үйді аралап, қорадағы малды түгендейді. Бұл жұмысқа мемлекеттен 3,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Қаражат санақты ұйымдастырған және жүргізген жұмысшылардың жалақысына жұмсалмақ.
Нұржан Сәрсенбаев, ҚР Ұлттық статистика бюросының департамент директорының орынбасары:
Бұл жерде азаматтардың белсенділігіне назар аударып отырмыз. Ол кісілер өздерінің азаматтық позициясын көрсетіп, осы санаққа менің ғана жағдайым деп ойламай бүкіл елдің жағдайына әсер ете алады. Бір адамнан осылай санақтан өткен кезде толық аграрлық саланың жағдайын анықтауға мүмкіндік болады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12