Шерзат Болаттың ағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды. Одан кейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткен еді. Іске қатысы бар тоғыз адам сотталды. Ал 9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінген. Кейінірек полицейлер оның туысына өлер алдында жазған хатын жариялады. Адвокат алдағы уақытта істі қайта қозғау үшін өтінішхат жазатынын айтқан.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05