Түркістан облысында 22 кәсіпкер лицензиясынан айырылды
Түркістан облысында жер қойнауын игеру кезінде заңды белден басқан 22 кәсіпкер лицензиясынан айырылды. Өңірде пайдалы қазбаларды өндіретін 198 жер қойнауын пайдаланушы бар. Облыс көлемінде жұмысы тоқтатылған және игерілмей жатқан кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Жыл басынан бері 17 жер қойнауын пайдаланушының 35 мың гектар жері мемлекет балансына өткен. Әлі де болса Арыс, Отырар, Ордабасы, Келес, Сауран, Кентау қаласы аумағында заңсыздықтар тыйылар емес. Мәселен Кентау қаласы, Хантағы ауылдық округі маңында заңсыз барит қазылған. Сондай-ақ Келес өзенінің жағасын қазып, жайылым жерді бүлдіргендер анықталып, жауапқа тартылды. Облыс әкімі құзырлы органдарға рейдті тоқтатпауды тапсырды.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02