Келесі жылы көлік салығы азаяды
2026 жылы көлік салығы өзгереді. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, ескі және қозғалтқышы үлкен көлік иелері салықты аз төлейді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бізде шамамен 6 млн-ға жуық көлік тіркелген. Оның 2 млн 500-мыңнан астамының қолданыста жүргеніне 20 жылдан асып кеткен.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап көлік салығы жаңа тәртіппен есептеледі. Ең басты жаңалық – көліктің шығарылған жылы мен қозғалтқыш көлеміне қарай жеңілдік жасалады. Дәлірек айтсақ, өзгеріс қозғалтқыш көлемі 3 литрлік және одан жоғары көліктерге қатысты болып отыр. Бұрын 3000-4000 шаршы сантиметр көлемді көліктерге 35 пен 66 АЕК мөлшерінде салық салынса, 2026 жылдан бастап 15 АЕК мөлшеріне дейін қысқарады. Ал қозғалтқыш көлемі 4 литрлік және одан асатын көліктер 500 мың мен 800 мың теңге дейін төлеп жүрсе, келер жылдан бастап 117 АЕК сомасында, яғни 460 мың теңге салық төлейді. Сондай-ақ көліктің шығарылғанына 11 жылдан 20 жылға дейін болса – 30% жеңілдік, 21 жылдан асса – 50% жеңілдік жасалады. Дәлірек айтсақ, базалық салық 60 мың теңге болса, көлік иелері шығарылғанына 15 жыл болған көлік үшін – 42 мың теңге, 25 жылдық көлік үшін 30 мың теңге төлейді. Ал транспорттың құны 75 миллион теңгеден асса, оған қосымша 10% акциз салығы салынады. Бұл салықты көлікті алғаш тіркегенде немесе қайта сатқанда төлеу керек. Айта кету керек, 2025 жылдың салығын 2026 жылғы 1 сәуірге дейін төлеу міндетті.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05