Қызылордада 1,5 келіге жуық мефедрон тәркіленді
Қызылордалық полицейлер халықаралық тасжолда ірі есірткі тасымалының жолын кесті. Иісшіл иттің көмегімен күдікті мінген көлікті тексеру кезінде чемоданнан 6 дана полиэтилен пакетке оралған, жалпы салмағы 1,5 келіге жуықтайтын «мефедрон» табылған.
Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы, «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде аймақта есірткі қылмысына қатысты 70 дерек тіркелген. 32 адам ұсталып, оның 13-і қамауға алынған. Заңсыз айналымнан 900 келідей есірткі заты тәркіленді. Соның 2 келі 301 граммы – синтетикалық заттар.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02