Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарын марапаттады
Жастарға барынша жағдай жасау - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары және жүлдегерлерімен жүздескен Президент осылай деді. Қазіргі таңда еліміздің әр аймағында заманауи үлгідегі «Келешек мектептері» ашылуда. Мұғалім мәртебесін көтеруге баса мән беріліп жатыр. Ғылым жолына түскен жастарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Келер жылдан бастап халықаралық олимпиада жеңімпаздары «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға жіберіледі. Осылайша біз дарынды әрі талапты жастарға жан-жақты қолдау көрсете береміз, – деді Мемлекет басшысы. Жиын соңында Президент дарынды жастарға қаржылай сыйақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз қазір бәріміз бір ел болып, әділетті, таза әрі қауіпсіз Қазақстанды құрып жатырмыз. Бұл жәй саяси науқан емес. Бұл мемлекеттігімізді нығайту деген сөз. Осы ауқымды жұмысты жастарымыз үшін, сіздер үшін бастадық. Енді оны міндетті түрде орындауымыз қажет. Оның бар игілігін өскелең ұрпақ, яғни сіздер көресіздер. Мен еліміздің жастарына зор сенім артамын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16