Әлем біріншілігіне қатысатын палуандар анықталды
Хорватияда қыркүйектің 13-і мен 21-і аралығында күрес түрлерінен ересектер арасында Әлем чемпионаты өтеді.
Биылғы бозкілем бәсекесіне еркін күрестен ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды. Бас бапкер Мадияр Құрамысов бастаған бапкерлер төмендегі балуандарға сенім артты. Олардың қатарында 57 келіде Әділет Әлмұхамедов, 61 келіде Асылжан Есенгелді, 65 келіде Начын Куулар, 70 келіде Нұрқожа Қайпанов, 74 келіде Әлібек Әбілқасым, 79 келіде Болат Сақаев, 86 келіде Азамат Дәулетбеков, 92 келіде Камил Куруглиев, 97 келіде Ризабек Айтмұхан мен 125 келіде Әлішер Ерғали бар. Еркін күрес шеберлері қазір Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дайындықтың екінші кезеңі елімізде өтеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05