Әлем чемпионатына 25 елдің палуаны қатысады
Қазақ күресінен Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар Астанаға келді. Оларды ұйымдастырушылар сән-салтанатымен күтіп алып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызды. Әскерилер арасында бірінші рет ұйымдастырылған байрақты додаға 25 елдің палуаны қатысады. Жарыс 14 және 15 тамыз күндері Qazaqstan жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жекпе-жек ерлер арасында 8, әйелдер арасында 8 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады. Ел намысын 16 бозкілем шебері қорғайды.
Айта кетейік, тұңғыш Әлем біріншілігі Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған. Ұйымдастырушылар енді қазақ күресін 2027 жылы АҚШ-та өтетін дүниежүзілік әскери ойындарға қосу мүмкіндігін қарастыруда.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05