Астанада «Біз бірдейміз» инклюзивті сән көрсетілімі өтті
«Біз бірдейміз!». Дәл осындай ұранмен Астанада Unique fashion show инклюзивті сән көрсетілімі өтті. Конституция күніне орай ұйымдастырылған шараға еліміздің әр аймағынан ерекше қажеттілігі бар 100-ге жуық жас модель қатысты. Мақсат - еліміздегі әрбір баланың мүмкіндіктеріне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, тең құқылы екенін еске салу. Шараға бірнеше дизайнер қосылып, топтамаларын ұсынған. Кейбірі балаларға подиумда киген киімдерін естелік ретінде сыйға тартқан. Жобаның авторы Гүлнұр Бөкеннің айтуынша, подиумға шығатын балаларды таңдап алу оңай болмаған.
Гүлнұр Бөкен, жобаның авторы, дизайнер:
Қазақстан бойынша таргет арқылы үлкен кастинг жасадық. Ең мықты, ең керемет балаларды таңдадақ. Мыңдаған бала өтінім берді және де оның ішінен 100 баланы іріктеп алдық. 2 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатысады. Біз бұл балаларға сенім береміз және де басындағы шекаралардың бәрін жоямыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08