Е.Қасымбек – еркін күрестен әлем чемпионы
Қазақстандық палуан Едіге Қасымбек еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Отандасымыз 125 келіге дейінгі салмақта күресті. Финалда ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен жеңді. Жарысты 1/8 финалдан бастаған ол әуелі моңғол спортшысын жеңсе, ширек финалда оңтүстіккореялық палуанды тізе бүктірді. Финалдың жолдамасы сарапқа салынған белдесуде АҚШ өкілін айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ бозкілемге шыққан 74 келідегі Досжан Құл-Ғайып пен 97 келідегі Самир Дурсунов қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар бүгін 57 келідегі Нұрданат Айтанов қола медальге таласса, 92 келідегі Камил Куруглиев өзбек палуанымен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05