Қазақстандық ІТ компанияға Иордания үкіметі қызығушылық танытты
Қазақстан компаниялары Иорданияның нарығына шыға бастады. Солардың бірі - математикалық есептерді оңай әрі қызықты жолмен үйрететін Qalan ІТ компаниясы. Иорданиялық тарап бұл жобаны жоғары бағалап, серіктестік орнатуға ниет білдірді. Егер жоба Иорданияда іске қосылса, жергілікті үкімет салықтық жеңілдіктер ұсынып, қолдау көрсетуге дайын.
Бүгінде Qalan платформасын Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей елдерінде 1 миллион 300 мыңнан астам адам қолданып келеді. Компания келесі жылы Түркия, Тәжікстан және АҚШ нарығына шығуды жоспарлап отыр.
Садық Шерімбек, «Qalan group» компаниялар тобының стратегиялық директоры:
Біз жалпылама қамтимыз, бірақ негізгі біздің қолданушыларымыз әрине мектеп оқушылары. Біз қазір сол университеттерге арналған шешімдерді де жасап жатырмыз, келесі жылдың наурыз айына дейін бәлкім, ол жобамызды біз бітіріп қалуымыз мүмкін. Тек қана математика емес, ағылшын тілін жүйелеп үйрену және физика пәндеріне балйанысты, оқуға байланысты жобаларды қазір белсенді түрде қолға алып жатқан жағдайымыз бар.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08