Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
Ауғанстанның жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарында дүмпулер тоқтар емес. Сондықтан жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, далада түнеуге мәжбүр. Қазір елдің шығысындағы Кунар, Нангархар провинцияларында іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының ескертуіне қарағанда, егер халықаралық қауымдастықтан көмек болмаса, зілзаладан қираған елді мекендердің халқында азық-түлік таусылады. Ал жараланғандарды эвакуациялауға күш жетпей жатыр. Ауғанстанда магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі тамыздың 31-де болып, одан 1400-ден астам адам қаза тауып, 3 мыңға жуығы жараланып, бірталай ауыл жермен-жексен болды. Құтқарушылардың айтуынша, көп адам үйінділер астынан әлі шығарылған жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08