Йеменде Израильдің шабуылынан 35 адам қаза тапты
Израиль Йемен астанасы Сана мен елдің Эль-Джауф провинциясына жойқын соққы берді. Израиль әскерилерінің мәліметінше, шабуыл хуситтерге қарсы бағытталған. Снаряд түскен нысандар арасында қорғаныс министрлігінің кешендері бар. Шабуылдан 35 адам қаза тауып, 131 адам жараланған. Хуситтер өкілдерінің дерегіне сай, жергілікті екі басылым редакцияларының ғимаратында да жарылыс болған. Ал ЦАХАЛ шабуыл Йеменнен Израиль аумағына ұшқышсыз аппараттар мен зымырандар жіберуіне қарсы жасалғанын мәлімдеді. Тараптар арасында өшпенділік Газадағы соғыс салдарынан ушықты.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05