Израиль Газада атыс қайта тоқтағанын мәлімдеді
Израиль армиясы Газа секторында жарияланған ымыраның қайта орындалып жатқанын мәлімдеді. Аймақта бітімнің сақталып тұрғанын АҚШ президенті Дональд Трамп та растады.
Айта кетсек, жексенбі күні ЦАХАЛ әуе күштері бұл анклавқа тағы да соққы берді. Жергілікті госпитальдің мәліметінше, 44 адам қаза тапқан. Дегенмен өзге бір дерекке сай 26 палестиналық құрбан болды.
Израиль бұл шабуылды Рафах қаласында танкіге қарсы зымыраннан екі жауынгері мерт болғаннан кейін жасағанын айтады. «ХАМАС» болса, бейбіт келісімді бұзбағанын хабарлап, Израильдің әрекеттері Газадағы жағдайды тұтастай нашарлататынын ескертті.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05